Таразда есірткі тасымалдаушылардан 2,5 келі героин тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының прокуратурасы облыс орталығында есірткімен сауда жасайтын ұйымдасқан қылмыстық  топты ұстады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қалалық прокуратура Таразда бірнеше жыл аралығында ұйымдасқан, есірткі саудасымен айналысқан топ әрекет еткенін анықтады. Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұл жедел іздеу шараларын өткізуге бастамашылық етті. (...)  18 наурызда күдіктілер тұратын жерге тінту жүргізіліп, қылмыстық топ әшкереленді. Олардың саны - 9», - деді облыстық прокуратура баспасөз қызметінің басшысы Абырой Азаматов.

Тінту барысында 2,5 келіден астам героин және 2,5 млн теңге сомасында   қаражат тәркіленді.  Барлық күдіктілер қамауға алынды. Сот алды тергеу облыстың ІІД тергеу басқармасына тапсырылыды.

Соңғы жаңалықтар