Таразда денесі табылған баланың ісі бойынша жаңа деректер шықты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Кеше Таразда жоғалған баланың өліміне қатысты деректер белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, 18 қарашада Тараз маңындағы Сахарный ауылында №6 мектептің 4-сынып оқушысы Николай Никитюктің жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол достарымен бірге стадионнан шыққан, бірақ үйіне бармаған.

Ата-анасы кешкісін полицияға жүгініп, барлық жергілікті ақпарат арналары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлама таратқан. Баланы іздеуге Тараз қаласы ІІД және ПБ-2 жеке құрамы түгел жұмылдырылған.

Жауған қар іздерді жауып, іздестіруді қиындатып жіберді. Келесі күні полицейлер стадионға жақын жердегі салынып жатқан балабақшаның маңындағы бұталардың арасынан баланың мәйітін тапты. Баланың мойнында буындырудың белгілері болған.

Тергеу барысында қаза тапқан баланың досы, №6 орта мектепте оқитын 14 жастағы Н.-ді анықтады. Ол полицейлерге сол күні Никитамен бірге желім иіскегенін айтты.

Жамбыл облыстық ІІД жасөспірімдер істері бөлімінің ақпаратына сәйкес, тергеу барысында Н. стадиондағы Никитаны шақырып алғаны, сосын екеуі кеткені анықталды. Кейін салынып жатқан балабақшаның аумағындағы видеокамера екі баланың кіргенін, бірақ Н. жалғыз шыққанын көрсетеді.

«Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Н. ұрлыққа қатысы бар болғаны үшін бұрын облыстық ІІД ЖІБ-де есепте тұрған.

Бала өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы белгіленді. Күдікті ата-анасының кепілдігіне байланысты жіберілді.

№6 орта мектепте түзеу сыныптары бар екені белгілі. Сондай сыныптардың бірінде «психикалық даму бөгелісі» бар Н. да оқыған.

Соңғы жаңалықтар