Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда және облыстың бірқатар аудандарында үшінші күн қатарынан тоқтамай қар жауып тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Соңғы жылдары өңірде қыс жылы болған. Ауа температурасы көбіне плюсті көрсетіп, тіпті көк шығып, күн жарқырап тұратын. Тіпті 2018 жылдың өзін тараздықтар қарсыз қарсы алған еді. Алайда Ескі Жаңа жыл қалаға аяз ала келіп, арты толассыз қарға ұласты.


«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, өткен бір тәуліктің өзінде қалада бір айлық мөлшердегі қар жауған. Қазірдің өзінде қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен.


Қала тұрғындары мұндай қар мен аязды соңғы 12 жылда көрмеген. 2005 жылы жарты метрдей қар түскен, одан кейін қыс жайлы болған.


Алдағы бірнеше күн бойы облыста ауа температурасы - 8 - 10 градусқа дейін төмендеп, қар жауады деп күтіліп отыр. Жел тұрып, кей жерде жылдамдығы 28 м/с-ға дейін жетпек.

Соңғы жаңалықтар