Таразда атыстан екі адам жараланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда болған атыс салдарынан бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ішкі істер департаменті дүйсенбіде ресми ақпарат беруге уәде етті. Дегенмен жұма күні, кешкі ондар шамасында №1 қалалық ауруханаға «жедел жәрдем» отты қарудан жараланған жігітті алып келген. Жарты сағат өтер-өтпесте дәл осындай жарақатпен тағы бір ер адам әкелінген.

«Жас жігіт сол аяғынан жараланған, екіншісінің сол аяғындағы жіліншігі зақымданған. Қажетті ем-домның бәрі жасалып, амбулаторлық емделуі үшін тұрғылықты мекенжайларына жіберілді. Қалай жараланғанын екеуі де айтқан жоқ. Біреуі бесінші ықшам ауданда, екіншісі жетінші ықшам ауданда белгісіз бірлеулердің оғынан жараланғанын ғана айтты», - дейді Тараз №1 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков. 

Соңғы жаңалықтар