Таразда ашылған орталықта мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған тәжірибелік орталықта жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл туралы ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде жастардың заманауи технологияларды меңгеруі және оны өмірде қолдана білуі үлкен маңызға ие. Осы орайда педагогикалық институтта тәжірибелік-инновациялық орталық құрылып, арнайы жоба іске асырылуда. Мақсат - студенттермен қатар мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың қызығушылығын арттыру және зияткерлік әлеуетін көтеру.

Зертханалық жұмыстар 6 бағыт бойынша жүргізілуде. Институт ғалымдары химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, тың ойларын ортаға салуда. Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық  нұсқаулықтармен  жабдықталған.

Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылмақ. Бүгінде педагогикалық оқу орны өңірдегі бірқатар кәсіпорындармен келісімге отырған. Осыған орай, институт студенттері түрлі өндіріс зертханаларында өз жобаларын тәжірибеден өткізуде.

Соңғы жаңалықтар