Таразда 80 отбасы жаңа пәтерге ие болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының тұрғын үй қоры бүгін «Қарасу» тұрғын алабындағы 80 жаңа пәтермен толықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов жаңа пәтер иелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғызылған жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

«Жамбыл облысында тәуелсіздік алған 25 жылда 4,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шамамен 800 мың жамбылдық пәтер алды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты тұрғындар үшін тұрғын үй бағасын қолжетімді ету.

Атап айтсақ, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласының «Арай» шағын ауданында 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 8,57 млрд теңгені құрайтын 15 үй пайдалануға берілді. Биылғы жылы біз құрылыс бойынша 319,6 мың шаршы метр тұрғын үй жоспарын толықтай орындадық», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ғалымжан Райылұлының айтуынша, бағдарлама аясында 2017 жылға Республиқалық бюджеттен 1,56 млрд.теңге бөлініп, ауданы 17,7 мың шаршы метр немесе 258 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталған, оның 11,9 шаршы метрі немесе 178 пәтерлі 3 үй үстіміздегі жылы пайдалануға берілуде, соның қатарында, бүгін өздеріңіз ие болатын Қарасу мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі үй.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлемдеуінше, «Қарасу» тұрғын алқабындағы үйлердің құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Тұрғын үйдің жалпы көлемі 4205,6 шаршы метрді құрайды. 80 пәтерлі үйде 20 үш бөлмелі, 40 екі бөлмелі және 20 бір бөлмелі пәтер бар. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, биылғы жылы Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 18 жобаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге қарастырылған, сонымен қатар, ҚР Ұлттық қорынан  - 3,1 млрд теңге, республикалық бюджеттен - 4,3 млрд теңге бөлінуге тиіс. 

Айта кетерлігі, «Қарасу» шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Пәтерлердің жаkпы алаңы 4205,6 м2 құраса, тендерлік құны 585,401 млн.тенгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар