Таразда 16 жастағы қыз жоғалып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз полицейлері жоғалып кеткен 9 сынып оқушысын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған қыздың ата-анасы полициядан көмек сұрап келген.

«16 жастағы Ақлима Қабанбай 24 сәуір күні үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайта оралмаған. Бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, шашы мен көзі қоңыр түсті. Сары футболка, көк трико киген, аяғында қара түсті жеңіл аяқ киім»,-деп хабарлайды ІІД.

Айырықша белгілерінің қатарында аяғын сылтып басуымен қатар неврологиялық ауруы да айтылады.

Жамбыл облыстық ІІБ Қылмыстық полиция басқармасы жоғалған  қыз туралы қандай да бір маңызды ақпаратты білетін адамдарға 102, 8 (7262) 99-71-21, 43-39-32 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар