Тараз тұрғындарына ыстық су беріледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жылу беруші ұйым облыс орталығына ыстық су қосады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жылу маусымы аяқталғаннан кейін Тараз тұрғындары ыстық сусыз қалған. Облыс орталығының коммуналдық қызметтері жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға ыстық су беруді тоқтатты.

Облыс әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасы энергетика бөлімінің бастығы  Князь Тортаев хабарлағандай, Таразда 12-16 сәуір аралығында жылу желілеріне жөндеу жүргізілді, ақауды жойғаннан кейін 27 мамырдан бастап ыстық су беріледі.

«Тараз энергоорталық» АҚ 1190 көп пәтерлі үйдің 705-іне, «Жамбыл-Жылу» - 82, «Теміржол-Жылу» - 19 көппәтерлі үйге қызмет көрсетеді. Спикердің айтуынша, Тараздың жылумен жабдықтау ұйымдары 2017-2018 жылдары күзгі-көктемгі кезең жұмысына дайындық шараларын әзірлеп, бекітті.

Биыл жөндеу науқанына отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына 1,7 млрд. теңге, оның ішінде жылумен жаблықтау кәсіпорындарына - 752,8 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары жоспарланған қала бөліктерінде су уақытша ажыратылады.

Соңғы жаңалықтар