Тараз паралимпиадашы чемпион Зульфия Ғабидуллинаны құрметпен қарсы алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың «Әулиеата» әуежайына дүйсенбі күні XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллинаны салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салсақ, ел тарихында алғаш рет Тараздан спортшы Ғабидуллина әлемдік рекорд орнатып, 100 метр қашықтықта еркін стильмен жүзуден паралимпиаданың алтын медалін ұтып алды.

Таяу күндері Рио-де-Жайнеродан келген 11 спортшыны Астанада елдің спорт басшылығы, жанкүйерлер, туыстары, достары күтіп алды.

Таразда чемпионды Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыстық спорт саласының өкілдері, қала жұртшылығы қарсы алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7-18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтті. Оған әлемнің 176 елінен  физикалық мүмкіндігі шектеулі 4 350 спортшы қатысты. Спорттың 22 түрі бойынша 528 медаль ойнатылды.

Жамбылдық спортшы Зульфия Ғабидуллина 100 метр қашықтықта еркін стильмен жүзуден паралимпиадалық алтын медаль иеленді. Бұдан басқа ол 50 м қашықтықта еркін стильмен  жүзуде төртінші орын, 50 м қашықтықта арқамен жүзуде алтыншы орын алды.

Зульфия Ғабидуллина - жүзу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Соңғы жаңалықтар