Тараз қант зауыты қызылша өндірушілерге қолдау көрсетеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің есебінде облыстағы қант қызылшасын өсіретін шаруаларының мәселелері көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шу ауданының шаруа қожалықтарының өкілдері жиналған өнімді қабылдау бөліміне жеткізудің қиындықтарын алға тартты.

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов жуырда «Орталық Азия қант корпорациясы» ЖШС басшылығымен қант қызылшасын өндірушілерге жеңілдіктер беру туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Бұдан тыс, Тараз қант зауыты биыл қант қызылшасының тапсырылған өнімінің ақысын төлеу мерзімін өзгертті. «Енді бұрынғыдай 90 күн емес, 60 күн ішінде қант қызылшасының ақысын төлейтін боламыз», - дейді компанияның атқарушы директоры Александр Шлегель.

Көп жылдық тоқыраудан кейін Жамбыл қант зауыттары тұрақты жұмыс істей бастады. Меркі қант зауыты жаңғыртылып, қант қызылшасын өңдеу көлемін ұлғайтты. Ал Тараз қант зауытында қант өндіру көлемі 55%-ға артты.

Соңғы жаңалықтар