Тар замандағы қазақтардың еврейлерге көмегі туралы үздік әңгіме авторы Израильге барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен ғасырдың 30-40 жылдары еврей халқына көмектескен қазақтар жайлы ең қызық әңгімелерге байқау жарияланды. Жеңімпаз автор  Қазақстандағы Израиль Елшілігінің жүлдесіне ие болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі, елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Израиль мемлекетінің 70 жылдығына орай, осы елдің Қазақстандағы елшісі «Алғыс» жобасын ұйымдастырады. Біз қазақ халқының еврейлерге өткен ғасырдың 30-40 жылдары қалай көмектескені туралы оқиғалар тарихын жинаймыз. Тағдыр тәлкегімен келген адамдарға жергілікті тұрғындардың көмек қолын созып, қонақжайлық көрсетуін еврей халқы ешқашан ұмытпақ емес»,- деп жазады Израиль елшілігі өздерінің Facebook парақшаларына.

Оқиғалар мен әңгімелерді мәтін, видео, аудио немесе фоторепортаж күйінде [email protected] почтасына жіберуге болады (оқиғаның шынайылығын дәлелдеу мақсатында суреттер мен құжаттар хатпен қоса жіберілуі керек).

«Қазақстандағы Алғыс күні, яғни 1 наурызда біз ең үздік әңгіме авторының есімін атаймыз. Жеңімпаз Израильге барады», - деп хабарлады елшіліктен. 

Соңғы жаңалықтар