Тапаншамен қаруланған екі жігіт Семейдегі қонақүйді тонаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Екі жас жігіт газ тапаншасымен қорқытып, Семейдегі қонақүйді тонаған. Қонақүйдің кассасын тонау туралы хабарлама түнде түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық ІІБ-ге сілтеме жасап.

Ұрыларды іздеуге қаланың барлық жол-патрульдік қызметі тартылды.

Оларды бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірген. Полиция тонаушылардан қара бетперде мен істен шыққан «ПМ-9» деген жазуы бар газ тапаншасын тапқан.

Қонақүй қызметкерлерінің мәлімдеуінше, алдымен бетперде киген арық жігіт кірген. Тапаншаға ұқсайтын қолындағы затымен қорқытып,  сол күнгі жиналған бар-жоғы 15 мың теңгені алып  кеткен. Ал оның сыбайласы бетпердесіз көшеде есіктің алдында тұрған. Куәгерлер оның түрін естеріне сақтап қалған.

Ұсталушылардың бірін қонақүй қызметкерлері бірден таныды.

Ол 27 жастағы жұмыссыз, бұрын сотталған семейлік болып шықты. Былтыр жазда бостандыққа шыққан. Ал оның көмекшісі 19 жастағы жұмыссыз жас жігіт бұрын істі болмаған.

Күдіктілер Семей қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Соңғы жаңалықтар