Танысының банкомат карточкасынан ақша жымқырған азамат сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық сотында танысының банкомат карточкасын ұрлап, одан ақша жымқырған азаматтың ісі қаралды. Кінəсін толықтай мойындаған күдікті шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, сотталушы жəбірленушінің көлік жүргізушісі болып қызмет істеген. Жəбірленушінің ауруханада жатқан сəтін пайдаланған ол арам пиғылын жүзеге асырған. Танысының əмиянынан

банкомат карточкасын жымқырып, жалпы сомасы 2 180 000 ақшасын шешіп алған. "Сот залында айыпталушы кінəсін толықтай мойындады. Мұндай əрекетке барғанына қатты өкінетінін айтып жəбірленушіге келтірілген шығын көлемін толықтай өтеп берді"- делінген баспасөз баянында. Осыған байланысты күдікті  азамат ҚР ҚК 188 бабының 3 бөліміне сəйкес кінəлі  деп танылды. Аталған қылмысы үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда қос тараптың өзара ымыраға келуіне байланысты айыпталушы жазасын шартты түрде өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар