Таныстарына жала жаппақ болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында 34 жастағы әйел бұрын жанжалдасып қалған таныстарынан өш алмақ ниетпен олардың үстінен полицияға жалған арыз түсірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Түнгі уақытта әйел жәбірленуші ретінде қоңырау шалып, әлгі азаматтардың 10 мың теңге ақшасын тартып алғаны туралы арыз түсірген. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар аталған аумақты тінтіп, жәбірленуші көрсетіп берген үш күдіктіні ұстаған.

«Тергеу барысында ешқандай қарақшылықтың болмағаны анықталды. Жалған арыз бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілгенімен, 34 жастағы әйел полиция қызметкерлеріне жалған айтқан. Осылайша, азаматша ертеректе жанжалдасып қалған азаматтардың сазайынын тарттырмақ болған», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 419-бабына сәйкес (қылмыс туралы жалған жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар