Танымал ринг хабарлаушысы Майкл Баффер «қазақша» туит жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс әлеміне танымал конферансье Майкл Баффер Қазақстанға келуді көздеп отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өтетін бокс кештеріне қатысады.

Танымал ринг хабарлаушысы Майкл Баффер Туиттерде боксшы Бейбіт Шүменовке (17-2, 11 КО) сәлем жолдады. Бір қызығы ол жазбасында ойын қазақша жеткізуге тырысқан.

«Сәлем, чемпион! Мен осы жазда Қазақстанға сапары болуы мүмкін. #LetsGetReadyToRumble», - деп жазды Баффер. Ол осы ойын ғаламтордағы аударма сервистерін пайдалана отырып аударған болуы мүмкін.

Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде кәсіби боксшылар Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Қанат Ислам (23-0, 19 КО) жекпе жек өтізетіндіктері белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар