Танымал қазақстандықтар балаларын мектепке апарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандықтар, соның ішінде танымал қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен жұлдыздар білім күнін атап өтуде.  

«ҚазАқпарат» ХАА әлеуметтік желіде күздегі алғашқы мереке - Білім күнінде жарияланған суреттер топтамасын әзірледі.

Саяси және қоғам қайраткер, «Қазақстан» РТРК» Ақ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Бүгін Зере қызымыз мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, 1 сыныпқа барды. Ең қызығы, сынып жетекшісі Әсем Әбілғалиқызы осымен үшінші баламызға жетекшілік етіп отыр», деп жазды желідегі парақшасында.

Бүгін Зере қызымыз мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, 1 сыныпқа барды. Ең қызығы, сынып жетекшісі Әсем Әбілғалиқызы осымен үшінші баламызға жетекшілік етіп отыр

A post shared by Erlan Karin (@erlankarin) on Sep 1, 2017 at 10:48pm PDT


«Атамекен»   Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов бүгін інісінің қызын бірінші сыныпқа алып барды.

Інімнің қызы Айсұлу бүгін бірінші сыныпқа барды! Өзім апардым! Ақ жол айналайын! #Алматы самая младшая дочь моего младшего брата Айсулу пошла в первый класс.

A post shared by Абенов Мурат / Murat Abenov (@muratabenov) on Sep 1, 2017 at 8:54pm PDT

Бүгін танымал қазақстандық тележүргізуші Дана Нұржігіттің ұлы Әлім мектеп табалдырығын аттады.

Назым мен Әлім 1"а" сыныбы

A post shared by Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit) on Sep 1, 2017 at 10:32pm PDT


ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова да алғашқы қоңыраудағы суреттері мен видеоларымен бөлісті.

Алғашқы қоңырауда болып,әннен шашу шашып келдім,гүл өте көп болды,оқушыларға үлкен раxмет,ата-аналарға гүлдеріңізді таратып бердім, оқу жылы сәтті өтсін!

A post shared by Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal) on Sep 1, 2017 at 10:58pm PDT


Нұрлан Қоянбаев қызы Нұрайды бірінші сыныпқа алып барды.

Нурай Нурланкызы 1ши сыныпта!!!💐🎈🎈🎈

A post shared by Nurlan Koyanbayev (@nurlankoyanbayev) on Sep 1, 2017 at 10:22pm PDT

Сәкен Майғазиев Республикалық цирк училищесіндегі алғашқы қоңырауға қатысып, еліміздің Әнұранын шырқап жатқан видеосын жариялады.

Жаңа оқу жылы басталып та кетті. #РЭЦК 😊🇰🇿📚🎼🌎🎤🏇🕊☀️

A post shared by Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev) on Sep 2, 2017 at 12:22am PDT

Соңғы жаңалықтар