Танымал қазақстандық спортшылар Астананы күл-қоқыстан тазартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Астана - таза қала!» атты жалпықалалық сенбілік өтті. 90 мыңға жуық адам қатысқан экологиялық шарадан Ұлттық Олимпиада комитеті де тыс қалмады.

Сенбілікке қатысушылардың арасында танымал қазақстандық спортшылар, грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі Федерацияларының қызметкерлері болды.

Грек-рим күресінен Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия, дзюдодан Бейжің Олимпиадасының күміс медаль иегері Асқат Жіткеев және таэеквондодан Бейжің Олимпиадасында «қолаға» ие болған Арман Шілманов Астана триатлон саябағында көшеттер отырғызды, деп жазады Sports.kz

Соңғы жаңалықтар