Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев қайтыс болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі термеші, жыршы Аяз Бетбаев 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аяз Бетбаев 1942 жылы  Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Термеші, композитор.

1970 жылдан Шу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген.

"Ақ қайың", "Сағыныш", "Махаббатжұлдызы", "Жұлынған гүл" әндері кең тараған. "Жетісу әуендері" күйлер жинағы, "Шу толқындары" кітабы жарық көрген.

Мәскеуде өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты. Ол «Құрмет» орденінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері.

Аяз Бекетайұлының еліміздің мәдениет саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Аяз Бетбаев жырлаған "Ақбөпе", "Сағыныш", "Ғашықтар", т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған.

Соңғы жаңалықтар