Танымал әртіс Том Харди мотоциклді айдап кеткендерді ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық актер Том Харди Лондонда мотоцикл ұрлауға қатысы бар жасөспірімді қуып жетіп, ұстап алған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Екі жасөспірім көшедегі көліктің біріне мотоциклмен келіп соғылған. Әртіс тұра қашқандардың бірінің соңына түседі, ал екіншісін полиция қызметкері ұстап алады.

«Том оқиға болған кезде көшеде кетіп бара жатқан. Мен одан не болды деп сұрағанда, ол қашқан жігіттің бірін балбақшаны айнала бергенде ұстап алғандығын айтты», - дейді куәгер Пуллен.

16 жастағы екі күдіктіні полиция қамауға алды. «Ұсталған екеу ұрланған мотоциклмен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуді ойлаған, алайда осы кезде машинаға соғылды», - деп мәлім етті полицейлер.

39 жастағы Том Харди «Жұлдызды жол: кек алу» (Star Trek: Nemesis) фильміне түсіп көпшілікке танымал болған. Содан бері ол 30-дан астам фильмдегі рөлдерді сомдаған. 

Соңғы жаңалықтар