Тамыры бір түркі халықтарының аспаптарымен жазылған ерекше клип жарыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігінің түрік музыкасы ансамблінің жетекшісі, түрік халқының дәстүрлі музыкасының танымал зерттеушісі Ирфан Гюрдалдың түркі халқының түп-тамырынан сыр шертетін «Хан шатыр» атты жаңа бейнеклипі жарыққа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ансамбль жетекшісі бұл жолы дәстүрлі түрік музыкасынан тыңға түрен салған. «Хан шатыр» клипінің ерекшелігі - оның жазылуында Орталық Азияны мекендеген барлық түркі тамырлы халықтардың ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен жазылуында. Клип басталғанда-ақ кереге мен шаңырақ бірден көзге түседі. Сазды әуен шаңқобыздың үнімен басталып, клип барысында түркі халықтарының жауынгерлік шеберлігі суреттеледі.

Жаңа клипте ансабль жетекшісі қазіргі түріктердің Орталық Азиядағы туысқан ұлттармен тарихи байланысын көрсеткісі келген. Ән тарихи бірлікке құрылған.

Айта кетерлігі, Түркиядағы белді ансамбльдерінің біріне жетекшілік ететін Ирфан Гюрдал Қазақстанға жиі келіп, концерт беріп тұрады. Ансамбль жетекшісі 2015 жылы қазақстандық қобызшы Ақерке Тәжібаевамен бірге «Аралап қобыз үні кең әлемді» атты концертте түріктің «Ata bari» халық әнінің әуезді әуенін орындаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар