Таллинде ТМД теміржолшыларының бас қосуында желтоқсандағы темір жол кестесі келісілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 қазанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев бастаған делегация Таллиндегі ТМД-ға мүше елдерінің Темір жол әкімшілігі кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Таллинге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары мен кеңестің қауымдастық мүшелері - Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері де қатысты.

Отырыста кеңестің 64-отырысы шешімдерінің орындалу қорытындысы мен темір жолдарды пайдаланудың 2016 жылғы тоғыз ай қорытындысы қаралды.

Оның ішінде, пойыздардың қозғалыс кестесін жасау қорытындысы,  жүк пойыздарын және  халықаралық бағдардағы контейнерлік вагондарын  жасақтау жоспары, жүк вагондары тізімін жасау, контейнерлік вагондардың мамыр қыркүйек айларындағы тізімдерін жасаудың алдын - ала қорытындысын шығару жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар 2016 жылғы тоғыз айдағы темір жол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу туралы ақпарат алмасты. Барлығы темір  жол көлігін тоқтаусыз жүргізу, Достастыққа қатысушы елдер арасындағы темір жолдармен жолаушы және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ондаған мәселелер қаралып, келісілді.

Отырыста ТМД елдері темір жол желілеріндегі биылғы тоғыз айда жүк тиеу жоспары  артығымен орындалды. Жалпы көлемі 1 млрд тоннаға жеткізілді.

Биылғы жылғы тоғыз айда өткен жылмен салыстырғандағы жүктерді контейнерлік тасымалдау жоспары 1,7 миллион тоннаға  артығымен орындалды.  Ағымдағы жылғы тоғыз айда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, мемлекет аралық түйісу нүктелеріндегі қабылданбаған жүк вагондарының жалпы көлемі 21 % азайды.

Отырыста 2016\2017 жылғы халықаралық вагон ағымдарын реттеу уақыты 2016 жылғы 11 желтоқсандағы пойыздардың жүру кестесімен  келісілді.

Таллинде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қ. Алпысбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті О. Белозеровпен, Беларусь темір жолының бастығы В. Морозовпен көліктік логистикалық шараларды бірлесіп ұйымдастыру жайын ақылдасты.

Қазіргі көліктік логистикалық жұмыстардың ағымдағы көрсеткіштері сараланды. 2017 жылғы темір жол әкімшіліктерінің базалық контейнерлік қызмет көрсету, қозғалыс жылдамдығын өсірудегі  тариф саясаты талқыланды.

Сонымен қатар Қ. Алпысбаев  Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Литва елдері арасындағы жүк тасымалдауды өсіру мақсатындағы қолайлы жағдай жасау жөніндегі өзара кездесулері өткізілді.

Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктері кеңесінің 66- отырысын 2017 жылғы мамырда Ресейде өткізу жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, Темір жол көлігі кеңесі 1992 жылы ақпанда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшыларының темір жол көлігі қызметін мемлекетаралық деңгейде үйлестіру мен келісілген тәртіппен жүргізу мақсатында құрылған. 

Соңғы жаңалықтар