Талғат Мұсабаев пен Бақытжан Жұмағұлов Сенат депутаттары болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Сәуле Айтпаева, Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов, Талғат Мұсабаев Сенат депутаттары болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар:

Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева;

Владимир Васильевич Волков;

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов;

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар