Талғарда футболдан ҚР Президентінің Кубогі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 4-8 қыркүйек аралығында Алматы облысының Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының құрама командалар базасында «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» өтеді, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық хаб. Халықаралық жастар турнирі осымен 10-шы рет өткізілгелі отыр.

Мерейтойлық жарысқа 17 жасқа дейінгі футболшыларын әкелген сегіз команда қатысады.

Бұрын қатысуға ниет білдірген, ресми ойындарға дайындалып жатқан Түрікменстан құрамасының орнына ҚР Президентінің Кубогында U16 және U17 құрамаларынан жасақталған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Команданы қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы атақты футболшысы, «Қайсар», «Тараз» клубтарында қызмет еткен, сондай-ақ «Байқоңыр» ФК бас бапкерінің бұрынғы ассистенті Ерлан Махамбедиев баптайды.

Айтулы турнирдің финалы Алматының Орталық стадионында ойналады. «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі»
(2017 жылғы 3-9 қыркүйек, Талғар және Алматы)

A тобы
1. Қазақстан
2. Қырғызстан 3.
Албания
4. Грузия
Б тобы
1. Қазақстан - 2
2. Тәжікстан
3. Ресей
4. Өзбекстан

4 қыркүйек, дүйсенбі - 1 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)
10:00 Қазақстан-2 - Тәжікстан (№2 алаң)
12:00 Албания - Грузия (№1 алаң)
14:00 Ресей - Өзбекстан ( №2 алаң)
17:00 Ресми ашылу салтанаты (Талғар қаласының жиын базасы)
17:30 Қазақстан - Кыргызстан ( №1 алаң)
05 қыркүйек, сейсенбі - 2 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)
10:00 Ресей - Қазақстан-2 ( №2 алаң)
12:00 Грузия - Қырғызстан ( №1 алаң)
14:00 Өзбекстан - Тәжікстан ( №2 алаң)
17:30 Қазақстан - Албания ( №1 алаң)
06 қыркүйек, сәрсенбі - Демалыс күні
07 қыркүйек, бейсенбі - 3 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)
10:00 Өзбекстан - Қазақстан-2 ( №2 алаң)
12:00 Қырғызстан - Албания ( №1 алаң)
14:00 Тәжікстан - Ресей ( №2 алаң)
17:30 Қазақстан - Грузия ( №1 алаң)
08 қыркүйек, жұма - Түйісу күні және финал
10:00 7-8 орын үшін матч
12:00 5-6 орын үшін матч
14:00 3-4 орын үшін матч
18:00 Ақтық матч (Алматы қ. Орталық стадион).

Соңғы жаңалықтар