Талдықорғанның әкімдігі аялдама белгілеріне қатысты түсініктеме берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімдігі аялдама белгілерінің жаппай алынып жатқанын жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің айтуынша, жоғалып кеткен жол белгілері газ құбырын тарту кезінде алынып тасталған. Бірақ тиісті жұмыстар жүргізілгеннен кейін бағаналар қайта орнатылған.

«Аялдама белгілері алынып тасталған бір-екі жағдай болды. Мысалы, Абылай хан мен Рысқұлов көшесінде. Бірақ тиісті жұмыстар жүргізіліп біткеннен кейін, белгілер қайта орнатылды. Тұрғындар тарапынан және автобус жүргізушілерінен осы жайтқа байланысты шағым түскен жоқ. Ал жүргізушілерге келер болсақ, 22 қаңтар мен 18-ші ақпан аралығында «Автобус» шарасы жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған автобус жүргізушілеріне тиісті шара қолданып жатыр», деді Талдықорған қалалық әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Қаниет.

Айта кету керек, Талдықорғанның автобус жүргізушілері «аялдамада белгі болмағандықтан ол жерге тоқтағанымыз үшін айыппұл төлеп жатырмыз» деп наразылық білдірген. 

Соңғы жаңалықтар