Талдықорғанға көгілдір отын келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда тарихи сəт. Көптен күткен көгілдір отын шаһарға келді. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тарихи сәттің куəсі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып Қаратал ауданындағы 10 жер үй газға қосылды. Талдықорғандық Назгүл Есдəулетова көгілдір отынға үйінің алғашқылардың бірі болып қосылғанын және бұл қызметі үшін 98 мың  теңге  төлегенін айтты. Газға қолы жеткен тұрғындар Үкімет басшысына алғысын жаудырды. Көмір тасып, от жағу машақатынан құтылдық деген олар шаһардың дамып келе жатқанына ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, 2012 жылдан 2017 жылға дейін ұзындығы 264,8 км болатын «Алматы-Талдықорған» МГ және «Талдықорған» АГТС салынды. Жалпы құны 21,4 млрд теңге.

Магистральды газ құбыры облыстың жалпы тұрғындарының 410 мың адамнан асатын 6 ауданы мен 3 қаласын  газбен қамтуға мүмкіндік береді.

Талдықорған қаласында  жалпы құны 22,7 млрд теңге болатын қалаішілік желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба 4 кезеңге бөлінген. Газбен қамту жүйесінің ұзындығы 1,4 мың шақырым. 170 мың адам газбен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар