Талдықорғандықтар коммуналдық желілерге қосылуға рұқсатты бір жерден алады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында монополист-кәсіпорындардың өкілдігі ашылды. Енді тұрғындар мен кәсіпкерлерге жарық, су, газ бен жылуға қосылу қызметі бір жерде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш орталықта «ТАТЭК» АҚ, «Жетісу су құбыры» ҚМКК, «Талдықорған жылусервисі» КМК, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының өкілдіктері ашылды. Бұл қызметтер тұрғындар мен бизнес өкілдері үшін бір мекемеде және «бір терезе» режімінде көрсетіледі.

Тағы бір жаңалық - аудан орталықтары мен ауылдық округтегі кәсіпкерлер үшін онлайн-кеңес қызметі енгізілген. Бейнебайланыс арқылы кәсіпкер орталықта Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық және қалалық филиалдарынан қажетті кеңестерді ала алады.

Таяу арада қызмет түрі тағы көбейе түседі. Жер мәселелері, сәулет және құрылыс саласындағы қызмет үшін лицензия мен рұқсат алу бойынша кеңестер мен құжат қабылдау қызметі қосылып, «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілдігі ашылады.

Айта кету керек, Талдықорған қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік есеп, маркетинг, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, кедендік рәсімдеу, ақпараттық технологиялар, құқықтық қызметтер тегін көрсетілуде.

null 

Соңғы жаңалықтар