Талдықорғандық студент қыз автоматты 34 секундта қайта құрастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты шеру өтті. Шараны аталған білім орданың әскери кафедрасы алғаш рет ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік кеште мектеп оқушылары мен студенттер өз шеберліктерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқады. Мәселен, автоматты бөлшектеп, қайта жинау жарысына 18 адам қатысып, қыздар арасында Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-ң 3 курс студенті Мәдина Ибрагимова 1 орынды жеңіп алды. Ол 34 секунд ішінде автоматты бөлшектеп, қайта құрастырып шықты. Ал жігіттер арасында бұл шеберлікті 8 сынып оқушысы Айбар Қапалбай 32 секундтың ішінде көрсетті. Әскери сала мамандарының айтуынша, негізгі норматив бойынша автоматты бөлшектеуге 12 секунд, оны қайта жинауға 23 секунд беріледі.

Жиында университет ректоры Қуат Баймырзаев ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс білдіріп, жиналған қауымды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады.

Шараға жиналғандар алдында Талдықорған қаласындағы 21/751 әскери бөлім десантшылары өнер көрсетіп, университет жастары концерттік бағдарлама ұсынды.



nullnullnull

Соңғы жаңалықтар