Талдықорғандық оқушылар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Қазір кез келген оқушы өзінің аты-жөнін, өмірбаянын қолдарында бар самртфондарымен латын қаріптерімен жаза алады, әрі қиындықсыз оқи алады. Яғни, латын қарпіне көшуге оқушылар дайын». Бұндай пікірді Талдықорған қаласындағы № 2 орта мектеп-лицейінің оқушылары білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылардың пікірінше, латын қаріптерін меңгеріп алу, жеткіншек ұрпақ үшін  қиын емес.

«Бүкіл түркі жұрты латын әліпбиіне әлдеқашан көшіп алған. Бізге де көштен қалмай, қатарға қосылуымыз  керек. Сонда біздің тілді әлем біліп, біздің кітаптарымызды оқитын болады « дейді оқушылар.
null

«Бүгінде Қытайдан, Моңғолиядан қандастарымыз келіп жатыр. Олар біздің әдебиеттерімізді оқуы үшін алдымен кирил әріптерін үйренуге мәжбүр. Оны меңгеру үшін біраз уақыт жоғалтады. Ал, латын қарпіне көшсек, бұл мәселе өздігінен шешілер еді», - дейді № 2 орта мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әділет Серіков.
null

Дәл осындай тақырыптағы талқылаулар бүгін қаланың барша мектептерінде өтті.

Соңғы жаңалықтар