Талдықорғандық мүмкіндігі шектеулі жандар шеберлік сағатын өткізді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық мүмкіндігі шектеулі жандар шеберлік сағатын өткізді. Қолөнер шеберлері өз білгендерін жастарға үйретуде. Осы мақсатта олар Талдықорғандағы сервис және технология колледжіне барып, тәжірбиелерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік сағатын аймақтық «жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» ұйымдастырған.

«Қолөнер шеберлігін мүгедек жандарға үйрету маңызды. Мәселен, бұл сал ауруына шалдыққан адамдардың ақыл-ой түйсігін дамытуға мүмкіндік береді. Біз осы мақсатта Еңбекшіқазақ ауданы мен Талдықорған қаласында арнайы семинарлар ұйымдастырғанбыз. Бүгінде олар енді жастарға білгендерін үйретіп жатыр. Бұл кедергісіз келешек бағдарламасын жүзеге асырудағы бір қадам деп есептеймін», дейді Талдықорған аймақтық «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» қорының директоры Светлана Сәдуақасова.

Қор мүгедек жандарды еңбекпен қамту мақсатында жыл сайын 25 адамды қолөнерге баулиды. Соңғы 3 жылда 75 азамат оқудан өткен. Бағдарламада киіз басу, ұлттық нақыштағы дорба, қалта телефонын салатын және күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдар жасау технологиясын меңгеру шаралары қамтылған.

Мамандардың айтуынша, қазір қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс көп. Сондықтан сапалы өнімге тапсырыс жеткілікті. Қоғамдық бірлестіктің ендігі мақсаты - мүгедек жандардан бөлек, бұл жұмысқа икемі бар студенттерді тарту болып отыр.

Соңғы жаңалықтар