Талдықорғандық Марат Қасеновтың үйі құнды жәдігерлерге толы

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандық Марат Қасеновтың үйіне келген кез келген адам таңданбай қайтпайды. Зейнеткердің шаңырағында  тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер өте көп. Тіпті ол үйінің жертөлесін мұражайға айналдырған. Өмір бойы тракторшы болған азамат «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне әр жәдігері жайлы баяндап берді.

Тілшіні есігінің алдынан қарсы алған зейнеткер бірден жөртөледегі төр бөлмеге апарды. Бұл жер кітапқа толып тұр. Ақсақалдың сөзінше, олардың саны мыңнан асады екен. 
null   

 - Кемінде 10 мемлекеттің  ертегілері осы жерде сақтаулы. Басым бөлігі  орыс тіліне, біразы қазақшаға аударылған. Осылардың барлығын, шіркін, өзіміздің ана тілімізге  аударса, біздің өскелең ұрпақ үшін бұл құнды дүние болар еді. Ана «Губка» туралы (Спанч боб - автор) сияқты мән-мағынасыз мультфильмдерді көрсеткенше, осындай тәрбиелік мәні бар ертегілердің желісінде  туындылар жасалса, қандай тамаша болар еді деп армандаймын.
null  

Ақсақалдың мұражайында салмағы 5 келілік үтік бар

null  

 - Бұл үтік 1954 жылы шыққан екен. Салмағы бес келі. Кәдімгі тоққа қосылады. Ал жанындағы үтіктер тоққа қосылмайды, көмірдің шоғымен қыздырылады. Барлығы үтіктің көне түрлері. Бізде ағылшын таразысы да бар. Өзі кішкентай ғана темір болғанымен, бірақ 250 келіге дейін салмақты өлшейді. Осы затпен  пілдің салмағын өлшеген екен. Мен сол таразы жайлы жазылған ақпаратты да сақтап қойғанмын. Келген адамдарға нақты дәлелмен айтып, көрсетемін.
null  

1927 жылғы патифон әлі істеп тұр
null  

- Мұражайда музыкалық аспаптардың түр-түрі бар. Баян, қобыз, балалайка, домбыра, патифон. Бәрінің бірнеше түрі сақтаулы. Арманым замандастарым келіп, осы музыкалық аспаптарда ойнаса, қандай тамаша.

Жоңғар шапқыншылығындағы жебенің ұшы сақтаулы
null  

- Жоңғар шапқыншылығындағы жебенің басы сақтаулы тұр. Осыны балалар көрсе,  ата-бабаларымыз  қолданған садақты ұстаса, ол да нағыз рухани жаңғыру деп білемін. Менің жәдігерлерімді көруге келген кез келген адамға әр заттың тарихын айтудан шаршаған емеспін. Казактардың шашкасы, жапондардың катанасы, айбалта және басқа да суық қару түрлерін жинап келемін.

Ақшалар орта ғасырдан сыр шертеді

null  

- Күміс теңгелер. Араб елдерінің дирхамы, Екатерина ІІ-ші патшалық еткендегі ақша, қытайлардың алғашқы тиындары, өзіміздің төл теңгелеріміз бас-аяғы  50-ден астам мемлекеттің ақшалары сақтаулы.
null

null   

18 ғасырдағы шәугім

null  

- Менің құнды жәдігерлерімнің ішінде ас үй заттары өте көп. 1812 жылы француздармен орыстардың соғысында пайдаланылған шәугім де осы жәдігерлердің ішінде. Самаурындардың да өз тарихы бар. Тіпті табиғи бояулармен безендірілген хохлома жазуларымен түрлі ыдыстар да бар. Қол диірмені, көне ет тартқыш, май шайқайтын заттардың түр-түрін кез келген адам көре алады.
null  

 Бұл музейдің өзге мұражайлардан  басты ерекшелігі келген адам жәдігерлерді өз қолымен ұстап, қосып, тыңдап өте жақын таныса алады. Ал басқа мұражайларда  заттар көрмеде тұрады. Оған ешкімнің қол тигізуіне рұқсат жоқ. Сондай-ақ, Марат Қасеновтың музейіндегі кейбір заттарды облыстық өлкетану мұражайы уақытша алып, көрмеге қояды екен.
null  null

null  null  null   

Жалпы, Марат Қасенов көне жәдігерлермен қатар, тауық  және гүл өсіргенді де жақсы көреді. Қазір оның қорасында 200-ден астам үй құсы бар. Ал олардың әр қайсының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен бір ғана  ергежей тауық жұмыртқасын әтешсіз баспайды екен. Егер әтеші жанында болмаса, тауық жұмыртқаны тастап кетеді дейді. Ал балапандарды әтеші ертіп жүреді екен.
null 

Басты назар аударатын жайт, талдықорғандық зейнеткер бұл дүниелердің барлығын келген адамға тегін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы өз сөзін «осы жәдігерлерді насихаттап, рухани жаңғырамын» деп түйіндеді.

Марат Қасеновтың жәдігерлеріне 50 шаршы метр жертөле тарлық етуде. Бірақ зейнеткер қала басшыларына жалынышты болып, жер немесе ғимарат сұрауға арым бармайды дейді. Бірақ ел және әлем тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін музейді кең әрі жарық бөлмеде жұрт назарына ұсынса деген арманын жасырмады.

Соңғы жаңалықтар