Талдықорғандық Айжан Сыдықова сауда жасап, көлік ұтып алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандық Айжан Сыдықова сауда жасап, көлік ұтып алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бақытты жанға автокөлік Талдықорғандағы "Сити" сауда үйінде бұйырды.

Ол 10 мыңнан аса теңгеге сауда жасап, ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды. Талап бойынша,  25 белгінің ішінен 7-і жұлдызшаны табуы керек болған. Айжан Сыдықова еш қателеспестен барлық жұлдызшаларды дəл тапты. Жеңімпаздың  жеңісі жөнінде қала тұрғыны əлеуметтік желіде жариялады. Оның қуанышты сəтінен ютуб желісіне видеосын жүктеген.

 

Соңғы жаңалықтар