Талдықорғандағы перинаталдық орталыққа 27 млн теңгенің аппараты сыйға берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа жалпы құны 27 млн 104 мың теңге тұратын  екі аппарат сыйға берілді. Мұндай қайырымдылықты Болат Өтемұратовтың қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкпені жасанды тыныс алдыратын құрал перинаталдық орталықтың тапсырысы бойынша сатып алынған.  Себебі облыста шала туған сәбилердің саны артуда.  Олар үшін бұл аппараттың маңызы зор екен. Мәселен былтырдың өзінде облыстық перинаталдық орталықта 350 шала туған сәби дүниеге келген. Ал 2016 жылы олардың саны 300-ге жетіпті. Жаңа жылдан бері 4 сәби уақытынан бұрын дүниеге келген. Олардың салмағы 700-900 грамм.
null

«Болат Өтемұратовтың қоры сыйға берген аппарат  біздің орталық үшін аса қажет. Бізде мұндай  қондырғы бұған дейін де болды. Бірақ қордың берген аппараты соңғы үлгіде. Өздігінен демала алмайтын шақалақтардың өкпесі осы аппарат арқылы жұмыс істейді және қондырғы барлық қажетті температураны автоматты түрде таңдайды», - дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қанат Жұмашев.

Айта кету керек, Болат Өтемұратовтың қоры жылда қайырымдылық жасаумен айналысуда. Олар қалталы азаматтар мен беделді компанияның өкілдері арасында түрлі  шаралар  ұйымдастырып, сол жерден жиналған қаражатқа медициналық мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтуда. Бұдан бұрын Орал және Ақтөбенің медициналық мекемелеріне қажетті қондырғыларын сатып алып берген. Және мұндай игі іске кез келген адамның қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтады.

null

Соңғы жаңалықтар