Талдықорғанда жалған ақпарат таратқан 3 әйел ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер whatsаpp мессенджері арқылы Талдықорғанда жасөспірімді ұрлап кетті деген ақпарат таратқан. Бұл ақпаратты арнайы тексеру тобы жоққа шығарды, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

«Талдықорған полициясы баланың ұрланғандығы туралы жалған ақпарат таратқан күдіктілерді анықтап, қамауға алды. Олар облыс орталығының 1971, 1994, 1997 жылдары туған тұрғындары болып шықты. Күдікті үш әйел кінәларын мойындап отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Факт бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар