Талдықорғанда заңсыз ақша жинаған тәрбиеші жұмыстан қуылды
«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде қала мектептері мен балабақшаларында әр нәрсені сылтауратып ақша жинау туралы ақпараттар шығып жатыр. Бірі «Алтын күз», бірі ертеңгіліктерді алға тартса, енді бірі ата-аналар оқулықтар мен оқу-дәптерлерін сатып алып келуі керек деп талап еткен. Бұл - қате ұғым. Мемлекеттік мекемелерде балаларды оқулықтармен қамту үшін қажетінше қаражат қарастырылған. Ал оқу-дәптерлерін алу-алмау ата-ананың өз еркінде. Бірақ, оны талап ету - жемқорлыққа жетелейді», - дейді М.Көлбаев.
Ата-анадан 18 оқу-дәптерін сатып әкелуді талап еткені дәлелденген Талдықорғандағы № 42 балабақшаның тәрбиешісі қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың жиналысынан кейін, қалалық білім бөлімінің бұйырығымен жұмыстан шығарылды. Ал балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланды.