Талдықорғанда заңсыз адам тасыған жүргізуші жауапқа тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, адам тасып табыс тапқан көлік жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласындағы  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Т. есімді азаматтың ҚР ӘК 463-ші бабы, 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Заңбұзушы азамат Талдықорған қалалық мемлекеттік кіріс басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кәсіпкерлікпен айналысқан. Яғни, өз көлігімен ақылы қызмет көрсеткен. 2017 жылдың 14-ші желтоқсанында оған басқарма қызметкерлері тарапынан әкімшілік заң бұзғаны туралы хаттама толтырылды. Заң бұзушы ҚР ӘК 463-ші бабы, 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған  15 айлық есептік көрсеткіш, яғни  34 035 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар