Талдықорғанда волейболдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының орталығында волейболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігі 5 турдан тұрады. Талдықорғандағы жарыс соның бірінші кезеңі. Бұл топта Қостанайдың Динамосы, Ақтөбе, қызылордалық Қайсар, Шымкенттік Қазығұрт пен Оралдың Жайығы және жергілікті Жетісу командалары өз арасындағы чемпионды анықтайды. Бұлардың ішіндегі ең жас ұжым ол Алматы облысының құрамасы. Команда 16 мен 21 жас аралығындағы волейболшылардан жасақталған. Мамандардың пікірінше, жүлделі орыннан бірден бір үміткерлер де осылар. Ал жетісулық команда алғашқы кездесуін Қостанайдың Динамосымен өткізіп, 3 сетте де басым түсті.

Айта кетейік, бұл күні Қазығұрт Жайықты ұтса, Ақтөбе Қайсардан айласын асырды. Жоғары лига командалары арасындағы 1-ші тур ойындары қарашаның 27-сіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар