Талдықорғанда тағлымы мол «Тағзым» әдеби кеші өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Тағзым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған рухани шара әдебиет айдында қалам тербеген ақын жазушылар мен журналистер өмірі мен шығармашылығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Кеште ақын Темірғали Рүстембеков, Құдаш Мұқашев, әдебиет пен журналистиканы қатар алып жүрген Бақыт Әлімов, Рафат Әбдіғұловтардың өмірінен сыр шертіліп, өлеңдері мен шығармалары оқылды. Ал тележурналистикада тер төккен Еділ Төкенов, Тұрсынбек Айтбек, Наталья Борсенко туралы бейнефильмдер көрсетіліп, олардың эфирге дайындаған материалдары жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ театр актеры Асан Исаевтың сахнадағы өміріне арналған деректі туынды да кеш қатысушыларының көңілін тебірентті.

Әдеби кеште еске алынған әрбір тұлғаның бейнесі қылқаламмен қағазға түсіріліп, туыстарына табысталды. Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының тағлымы мол шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты өнер оғландарын еске алу арқылы жастар жадысында жаңғырту.

Соңғы жаңалықтар