Талдықорғанда «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты жыр кеші өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты жыр кеші өтті. Шараның өтуіне орталық балалар кітапханасының ұжымы ұйытқы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара мақсаты балалардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау. Жаңа оқу жылында алғаш рет ұйымдастырылған кешке шаһардағы қалалық №2 орта мектептің оқушылары қатысты. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқыды. Небәрі 27 жыл өмір сүрген ақын лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 6 поэма жазып кетті. Жыр кешінде «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырларымен мәңгі өшпес із қалдырған ақынның жарыққа шыққан кітаптары да таныстырылды. Бес бөлімнен тұратын көрме ұйымдастырылды. Айта кетейік, қалалық орталық балалар кітапханасының 120 мыңнан аса кітап қоры, сонымен қатар, 6 мыңға жуық оқырманы бар.

Соңғы жаңалықтар