Талдықорғанда ретро әндер кеші өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда қала күні мерекесі аясында ретро әндер кеші өтті. Елімізге танымал эстрада жұлдыздары концертке арнайы келіп, ән шырқады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Құдайберген Бекіш, Шахизада, Мирас пен Құралай және «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері талдықорғандықтардың құлақ құрышын қандырып, тамылжыта ән шырқады.
null

Күннің салқындығына қарамастан Қаратал жағалауына жиналған халық көп болды. Жұлдыздар Талдықорған жұртшылығын мерекемен құттықтап, ілгері даму жолына сәттілік тіледі. Концертке жиналған өнерсүйер қауым, әсіресе аға буын әншілердің әнін тыңдап қана қоймай, естен кетпес ескі де есті әндерді қосыла айтып, би биледі. Ретро әндерден рухани сусындаған жұртшылық шараны ұйымдастырушылар мен өнер азаматтарына алғыстарын айтып тарқасты.
null

Айта кету керек, Талдықорғанда қала күніне арналған мерекелік шаралар 8-ші қыркүйектен басталды. Түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтары, ретро концерттер мен спорттық сайыстар, танымал тұлғалармен кездесулер, әлеуметтік нысандардың ашылуы, кәсіпорындардың тұсаукесерлері секілді көптеген шаралар биылғы мерекенің сәнін кіргізетін болады. Ал, негізгі мереке 30-қыркүйекте сағат 10-00-де қаланың орталығынан басталып, Жастар спорт сарайының маңы мен «Жастар» саябағында жалғасады.

null

Соңғы жаңалықтар