Талдықорғанда өткен жәрмеңкеде 135 тонна ауылшаруашылық өнімі қойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға өнімнің 46 түрі ұсынылды. Күздің балғын өнімдері базар бағасынан 10-15 пайызға арзан саудаланды.

Жылқы еті - 1300 теңгеден, сиыр еті - 1100, қойдың еті - 1000, тауық еті - 550, балық - 400-600 теңгеден болса, ал  картоп-сәбіз - 60 теңгеден сатылды.

Айта кететін жайт, бүгін Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Талдықорғаннан өзге Алматы және Қапшағай қаласында да ұйымдастырылды. Табиғи таза өнімге тұрғындардың да сұранысы өте жоғары болды. Алдағы уақытта да мұндай шара өз жалғасын табады.

null null  null  

 

Соңғы жаңалықтар