Талдықорғанда Орталық Азия елдерінің VІ халықаралық театр фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, 2016 жылғы 24-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақстан - Еуразия жүрегі» атты Орталық Азия елдерінің VІ халықаралық театр фестивалін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы әріптестікті нығайту, театр өнерін дамыту және театрларды шығармашылық бастамаларға ынталандыру, сондай-ақ, жұртшылықтың назарын театр үрдісінің жаңа, заманауи үлгілеріне аудару мақсатында өткізіледі.

Фестиваль аясында Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары Астана қаласының Жастар театры, Т.Миннуллин атындағы Нижнекамск мемлекеттік татар драма театры, Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, М.Вахидов атындағы Тәжік мемлекеттік жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және Байтен Омаровтың Алматы «Жас сахна» театры ұжымдарының орындауында У.Шекспир, А.Чехов, Ш.Айтматов, Т.Слободзянек және Б.Римова сияқты отандық, шетелдік, классик және қазіргі заманғы авторлардың қойылымдарымен таныса алады.

2016 жылғы 24 қазанда сағат 11.00-де І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында фестивальдің ашылу рәсімі өтеді.

Қойылымдар Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында өтеді. 2016 жылғы 27 қазан сағат 11.00-де І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында лауреаттарды марапаттау рәсімі және Фестивальдің жабылу салтанаты болады. Барлық спектакль көрсетілімдеріне кіру - тегін.

Соңғы жаңалықтар