Талдықорғанда оқушылардың ауруханаға түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі  24 оқушының инфекциялық ауруханаға түсуіне байланысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Балалардың басым бөлігі мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін, дене қызуы көтеріліп, іштері ауырып, құсқандарын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекованың мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 304 бабы 1 тармағына яғни, «санитариялық қағидаларды бұзу немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Ал дәрігерлер науқастардың жалпы жағдайын орташа деп бағалауда. Нақты диагноз ертең дайын болады. Ал әзірге дәрігерлер алдын ала «гастроэнтерит» диагнозын қойған. Қазіргі таңда ауруханада жатқан 10 бала үйлеріне жіберілген. Енді олар емдерін амбулаториялық түрде жалғастыратын болады. Ал мектепте кешенді санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар