Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты 11 үй беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 11 үй пайдалануға беріледі. Аумағы 83 мың шаршы метр баспананың құрылысы шаһардың оңтүстік-батыс және шығыс аудандарында жүріп жатыр. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Бағдат Қарасаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылдың өзінде аталған бағдарлама бойынша 336  пәтерлі екі үй пайдалануға  берілді. Жыл соңына дейін тағы 55 пәтерлі коммуналдық және 3 несиелік үй қолданысқа өтеді. Осылайша 2017 жылы Талдықорғанда 865 отбасы баспанамен қамтылады. Қазіргі таңда қала бойынша 15 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Ал жер кезегінде тұрғандардың саны 26 мыңға жуықтаған. Кезек санын азайтуға жаңа коттедж қалашығының да себі тимек. Оның инфрақұрылымы тартылып, жері дайын тұр. Бас-аяғы  607 үй салынады. Қыркүйекте 40 үйдің іргетасы қаланбақ. Cондай ақ қаланың көшелерін жөндеуге 4 млрд теңге бөлініп, жолдар жаңалануда.

Қала билігінің  тағы бір жетістігі - инвестиция көлемінің артуы. Жеті айдың ішінде бұл қаржы 20 млрд теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар