Талдықорғанда нәрестесін 400 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда нәрестесін 400 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды. 31 жастағы келіншек қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдікті әйел көрші елдің азаматшасы. Ол Қазақстанға  көктем айында келген. Маусымдық жұмыс іздеп келген келіншек  мамыр айында босанған. Қыз баланы 400 мың теңгеге сатып жатқанда ұсталды», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір адам саудасы бойынша ҚР ҚК 135-бабына сәйкес   қылмыстық іс қозғалды. Өз қызын сатпақ болған шетелдік азаматша қамауға алынды. Ал нәресте сәбилер үйіне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар