Талдықорғанда монша кешені өртке оранды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда ірі монша кешені өртке оранды. Қызыл жалын шарпыған жерден 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Күйік шалғандар мен иіс тигендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық орын  өртке оранғанда моншаның ішінде адамдар жуынып жатқан.  Кезекші бөлімге өрт туралы ақпарат 11.23-те хабарланған. Алғашқы өрт сөндірушілер бригадасы 5 минут ішінде жеткен. Дегенмен қызыл жалын 1 сағатта әрең ауыздықталды. Ал 12 сағат 54 минутта толығымен сөндірілді. Моншаға шомылуға келіп, артынша ауруханаға жеткізілген  азаматша терапия бөлімінде ем қабылдауда.

null 

«Өртеніп жатқан моншаға келдік. Ішінде түсіп жатқан 8  адам болған. Сол азаматтардың бәрін шығарып, оның ішінде қарт кісі болды. Ол кісіні көтеріп алып, жедел жәрдем көлігіне салып жібердік», - дейді Жергілікті полиция қызметінің взвод командирі Есдәулет Тұрғанбаев.

null 

Ал, полицейлер құтқарған 1956 жылғы азаматша бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты дейді. Тек аздап қан қысымы көтеріліп, шошынып қалған.

null 

«Банядан түсіп шығайын деп жатқанмын ғой, содан кейін шығыңыз, шығыңыз деді. Есіктен бір кісілер шығарып жіберді, топ болып шыққан кезде алдыма бір бәле келіп түсті. Содан есімнен танып қалдым», - дейді талдықорғандық Меруерт Момышева. 

null 

Тілсіз жау 850 шаршы метрді шарпыды. Онымен күресуге оннан астам техника мен 50 шақты адам жұмылдырылды. Ал өрттің неден шыққаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар