Талдықорғанда құрылысы тоқтап тұрған 5 үйдің мәселесін депутаттар бақылауға алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынып, кейін аяқталмай қалған 5 үйдің мәселесін Мәжіліс депутаттары өз бақылауына алды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Алматы облысына іссапармен барған бір топ Мәжіліс депутаттары өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтады. Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқын алған. Тек Талдықорған қаласы бойынша биыл 700-ден астам пәтер ел игілігіне берілуі тиіс. Халық қалаулылары 64 пәтерлі үйді салып жатқан құрылысшылармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Депутаттар сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынып, бірақ тоқтап қалған құрылыс нысандарында да болып қайтты. Ұлттық қордан бөлінген қаржыға 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Алайда тапсырыс беруші мен мердігердің өзара келіспеушілігі салдарынан жұмыс әлі күнге дейін тоқтап тұр. Халық қалаулылары бұл мәселені жіті қадағалап отырғандарын жеткізді.

Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов бұл жобаға Ұлттық қордан 2,4 млрд теңге қаражат бөлінгенін және жұмыстың аяқсыз қалғаны туралы құлағдар екенін мәлімдеді. Халық қалаулысы сот шешімі шыққаннан кейін нысандарды қала әкімдігіне қайта тапсырып құрылысты жалғастыру қажеттігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар