Талдықорғанда Көрме павильоны мен Салтанат сарайы пайдалануға беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Талдықорғанда Көрме павильоны мен Салтанат сарайы пайдалануға беріледі. Нысандар құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ өңірде Драма театрдың да құрылысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Сондай-ақ халықаралық талапқа сай жабық бассейн, «Азаматтарға арналған Үкімет» әкімшілік ғимараты салынады. "Алматы-Талдықорған" тас жолының қалаға кіреберіс қақпасы ауыстырылады. Шаһардағы Орталық саябаққа жаңғырту  жұмыстары да жүріп жатыр. Жалпы айтқанда қала жаңа келбетке ие болады.

Облыс әкімі Амандық Баталов осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өз ескертпелерін айтқан өңір басшысы  аталған әрбір нысан бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуін тапсырды.
null

Сонымен қатар қаланы абаттандыру жұмыстарына баса мән берілмек. «Терра» қашықтан зондтау және геологиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС мамандары қаланың ландшафтық дизайнын қалыптастыруға, көгалдандыру ісіне атсалыспақшы. Аталмыш серіктестік мамандары облыс әкіміне осы бағыттағы өз жобалары мен ұсыныстарын жеткізді. А. Баталов қала басшылығына мамандармен бірлесіп, көгалдандыру ісін жоғары деңгейде атқаруды тапсырды.
null

Қаланың Қабанбай батыр, Абай, Ақын Сара, Шевченко, Алдабергенов, Ескелді би, Абылай хан сияқты бірқатар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалаға қарасты 3-ші бөлімшенің 17,2 шақырым жолына, «Шайқорған» тұрғын ауданының 11,8 шақырым жолына, ал «Жастар - 1» тұрғын ауданының 22,2 шақырым жолына қиыршық тас төселетін болады. Облыс орталығын газдандыру жұмысы сәуірдің аяғында басталып, қазіргі күні бірқатар көшелер мен «Қаратал» шағын ауданының абоненттерін қосу жұмысы жалғасуда. Жол жөндеу және газ тарту жұмыстары бір-бірімен сәйкестендіре жүргізілетін болады.
null

Соңғы жаңалықтар