Талдықорғанда конфессияаралық келісім мәселесі талқыланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім - Тәуелсіздіктің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған облыстық дін істері басқармалараның басшылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет сарайының фойесінде діни әдебиеттердің және еліміздегі конфессияаралық келісім бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар ететін суреттердің көрмесі ұйымдастырылды. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында маңызды мәселеге арнап басқосу өткізіп отырмыз. Бүгінгі әлемдегі тенденцияға қарасақ, түрлі қақтығыстардың түп негізінде діни шиенелістер жатқанын көреміз. Сондықтан Елбасымыздың саясатымен береке-бірлігін сақтап, тұрақты дамып келе жатқан мемлекетімізде дін мәселесіне бейжай қарамай, ерекше мән беріп келеміз. Еліміздің өз ұстанымы бар, салт-дәстүрі бар, ата дініміз бар, сол түпқазықтан ажырамай, татулығымызды сақтап, келісіммен ғұмыр кешсек, бүгінгіден де биік жетістіктерге жетеріміз анық», - деді  Омар өз сөзінде.

Мұнан кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін істері мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті бойынша ғылым магистрі Айнұр Әбдірәсілқызы танымдық тұрғыда баяндама жасады. Ол өз баяндамасында зайырлылық ұғымының мән-мағынасы, зайырлылықтың шетелдік тәжірибесі, шектен шыққан діни ұстанымдардың мемлекетке төндіретін қауіп-қатері сияқты көптеген мәселелерге байланысты жиналғандарға мол мәлімет берді. Жиында басқа да ғалымдар мен дін қызметкерлері де осы тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар