Талдықорғанда көлікті рұқсатсыз мініп кеткен әйел мас болып шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - 28 наурызда Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде автотұрақта тұрған «Тойота-Камри» көлігін белгісіз біреу мініп кеткен. Бұл жөнінде ақпарат қалалық ІІБ кезекші бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнебақылау камералары көмегімен ұрланған көлік қаладан шығып бара жатқан жерінде  анықталды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп іздеудегі көлікті аз уақытта тауып, тоқтатқан. Тәртіп сақшылары автокөлік тізгінінде  Бақтыбай ауылында тұратын 34 жастағы әйелдің мас күйінде отырғанын анықтап, қамауға алды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп, күдікті өз кінәсін мойындап түсініктеме беруде. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 200-ші бабы бойынша іс қозғалып, көлік иесіне қайтарылды. Жалпы жыл басынан бері облыстық полиция қызметкерлерінің күшімен 43 автокөлік айдап кету фактісі тіркелген.

Соңғы жаңалықтар