Талдықорғанда қас-қағым сәтте әмиянды ұрлаған әйел ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қас-қағым сәтте әмиянды ұрлаған әйел  ұсталды. Ол 25  жастағы Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті істеген қылмысын толықтай мойындап отыр. Енді аталған іс сотқа жолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы күдікті  бұған дейін де бірнеше мәрте  ұрлық жасап, жауапкершілікке тартылған. Биылдың өзінде үш рет ұсталып, оның  8 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденген. Ал жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек күні көзіне көзілдірік киген әйелдің  әмиян ұрлаған әрекеті  бейнежазбаға жазылып қалған болатын. Жәбірленуші бейнежазбаны полицейлерге ұсынып,  шағымданған. Талдықорғанның полицейлері күдіктіні бірден танып, қолға түсірді. Қас-қағым сәтте затын ұрлатып алған талдықорғандық тұрғынның  әмиянында 8 мың теңге болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес  іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар